Қырғызстанның гуманитарлық көмегі Ақтөбе мен Қостанайға жетті

9 Сәуір, 11:31 633

Ақтөбе облысы мен Қостанай қаласына Қырғыз Республикасынан гуманитарлық көмек келіп жетті. Ақтөбе облысында гуманитарлық көмекті ҚР ТЖМ вице-министрі Серік Төленбергенов бастаған ТЖМ өкілдері күтіп алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қалған фуралар Атырау және Батыс Қазақстан облыстарына бара жатыр. Бастамашыл гуманитарлық жүкті Қырғыз Республикасының ТЖ вице-министрі Урматбек Шамырқанов алып жүреді.

Айта кетейік, 15 фура гуманитарлық көмекте азық-түлік, киім-кешек, төсек-орын жабдықтары, жылытқыштар бар.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: