Қырғызстанға Қазақстанның гуманитарлық жүгі тапсырылды

5 Наурыз, 15:14 689

5 наурызда Мемлекеттік материалдық резервтен тиелген 1000 тонна дизель отыны ресми түрде Қырғыз Республикасына берілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Гуманитарлық көмек ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, сондай-ақ KazAID Қазақстандық халықаралық даму агенттігінің қолдауымен көрсетілді. 1 000 тонна дизель отынының екінші партиясы Ыстықкөл облысындағы Балықшы станциясына жөнелтілді.

ҚР ТЖМ мәліметінше, тапсыру Қазақстанның Қырғызстандағы елшісі Рәпіл Жошыбаев пен Қырғыз Республикасының энергетика министрі Таалайбек Ибраевтың қатысуымен жүзеге асырылды.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: