Қырғызстандық боксшы тарихта тұңғыш рет Олимпиада финалына шықты

9 Тамыз, 11:22 1957

Қырғызстан тарихта тұңғыш рет бокстан Олимпиада ойындарының финалына шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мұндай ерекше нәтидеге Мұнарбек Сейітбекұлы жетіп отыр. Ол 57 келінің жартылай финалында болгариялық Хавьер Ибаньесті жеңді - 4:1.

11 тамызда өтетін финалда Сейітбекұлы өзбекстандық Абдумалик Халоковпен кездеседі. Өзбек боксшысы жартылай финалда австралиялық Чарли Сениорды 5:0 есебімен жеңген.

Айта кетерлігі, Қырғызстаннан Парижге жалғыз боксшы жолдама алған.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: