Қырғызстанда жасөспірімдер анасының атын тегі етіп ала алады

3 Шілде 2023, 11:00 1447

Қырғызстанның Конституциялық соты 16 жасқа толған адамдарға арналған матроним (анасының атын тегі етіп алу) институтын әзірлеуді тапсырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы балаларының әкесінің атының орнына анасының атын алу құқығы үшін мемлекетпен екі жарым жыл соттасқан белсенді Алтын Қапалова мәлімдеді.

Сот тиісті үкім шығарды, ал оған шағымдануға болмайды.

Оқи отырыңыз:

Заңсыз сыйақы алғандар 3 жылға сотталады

Ақтауда тоғызыншы қабаттан секіріп кеткен 48 жастағы әйел мерт болды

Сонымен бірге Конституциялық сот 16 жасқа толмаған балаларға анасының атын тегі етіп алуға тыйым салды.

Мұны жеңіс деп білемін. Әйелдер әлі де болса туған баласына өз атын бере алмайды, дегенмен 16 жастан бастап таңдау құқығы бар, – деді Қапалова.

Белсенді 16 жасқа дейінгі балаларға да анасының атын алу құқығын беру үшін күресетінін айтты.

Бұл ұзақ процесс болатыны сөзсіз. Сөйте тұра қызы мен сіңлілерім өз балаларына аттарын беру құқығына ие болу үшін қолымнан келгеннің бәрін жасаймын, - деді ол.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: