Қырғызстанда жаңа мемлекеттік гимннің мәтіні мен музыкасына арналған республикалық байқау басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Кabar агенттігіне сілтеме жасап.
Қырғызстанның Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрлігінің мәліметінше, байқау тарихи мұра, мәдени дәстүрлер мен ұлттық бірлікті бейнелейтін жоғары көркем музыкалық шығарма әзірлеуді мақсат етеді.
Байқауға байқауға композиторлар, музыканттар, ақындар, авторлық ұжымдар қатыса алады
Басты бағалау критерийлері:
• Әнұранның салтанатты, патриоттық және эмоциялық әсерлілігі;
• Ұлттық ерекшелік және мәдени-рухани дәстүрлерге сай болуы;
• Әуенінің үйлесімділігі және тыңдауға ыңғайлылығы;
• Қырғыз әдеби тілі нормаларына сәйкес келуі.
Министрлік байқауға жаңа шығармалар ғана емес, сондай-ақ бұрын орындалған немесе жарияланған музыкалық туындылар да қатыса алатынын мәлімдеді. Бұл ретте авторлық құқықтардың сақталуы міндетті. Әр қатысушы бір немесе бірнеше әнұран нұсқасын ұсына алады. Байқау жеңімпаздары ақшалай сыйақымен марапатталады.