Қырғызстанда ҰҚМК төрағасы Ташиевті өлтірмек болған әскери ұшқыш ұсталды

Бүгiн, 12:15 130

Қырғызстанның ҰҚМК төрағасы Қамшыбек Ташиевке аты-жөнін көрсетпей, өлтіремін деп хат жазған адам әскери ұшқыш болып шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қырғызстанның президенті Садыр Жапаров бұл жайтқа байланысты арнайы тапсырма беріп, ҰҚМК, ІІМ және Бас прокуратура қызметкерлерінен тергеу-шұғыл топ құрған болатын.

Тергеу-іздестіру барысында «Ж.А.С.» атты азамат ұсталып отыр. Ол бұрын екі мәрте сотталған адам болып шықты. Өзі әскери ұшқыш. Шектеулі әскери контингент құрамында ауған шекарасында қызмет атқарған. Сол жерде жауынгерлік тәжірибе жинаған. 1994 жылдан бастап Қырғызстанның қарулы күштерінде қызмет еткен. Қоқан-лоқы авторы осы адам екені нақты айғақтармен анықталып отыр.

«Ж.А. С.» аса ауыр қылмыс жасауға өзінің қатыстылығын жасыру үшін ұзақ уақыт жоспарлағаны анықталды. Ол Қамшыбек Тәшиевке және оның отбасы мүшелеріне  электрондық хат жазып, оны флэш-дискіге аударып, конвертке салды. Анонимділікті сақтау үшін «Ж. А.С.» үйсіз адамға сыйақы үшін конвертті ҰҚКК қоғамдық қабылдау бөлмесіне жеткізуді сұрады, - делінген хабарламада

«Ж.А.С.» ұсталған соң, оған айып тағылып, Бішкек соты қамауға алу шарасын қолданды.

Қылмыстық іс аясында анонимді хат жазылған компьютер, конвертке мөр қойылған сүргіш тәркіленіп, сараптама тағайындалды. Бұл іске басқа адамдардың қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: