Қырғызстан президенті Садыр Жапаров бетті тұмшалайтын киім киюге тыйым салды. Президенті тиісті құжатқа қол қойды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ел президентінің сайтындағы ақпаратқа сәйкес, заңда қоғамдық орындарда адамның бетін анықтауға мүмкіндік бермейтін киім кигені үшін жауапкершілік қарастырылған.
Сонымен қатар бұл заңда дінге психологиялық немесе физикалық күш көрсету арқылы міндеттеу, қарттар үйлерінде, әскери бөлімшелерде және түзеу мекемелерінде діни шаралар өткізуге тыйым салады.
Бұдан бөлек қоғамдық орындарда, мемлекеттік, муниципальді және білім беру ұйымдарында діни кітаптар таратуға тыйым салынады.