Зілзала 14 сәуір күні сағат 22:11-де Алматыдан 452 шақырым оңтүстік-батыста болған. Бұл туралы Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер бойынша Ұлттық ғылыми орталыққа сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жер сілкінісінің эпицентрі Қырғызстанның Ош қаласында орналасқан.
Жер сілкінісінің күші:
Ошта — 4 балл
Қара-Сууда — 3,5 балл
Ноокатта — 3 балл
Өзгінде — 2,5 балл
Қазақстанда жерасты дүмпулері сезілмеді.