Қырғызстан жолдаған гуманитарлық көмек келді

6 Сәуір, 17:02 757

Қырғыз Республикасы Қазақстанға бастамашыл гуманитарлық көмек жолдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Су тасқыны салдарынан төтенше жағдайлардан зардап шеккен Қазақстан халқына бастамашыл гуманитарлық жүкті Қырғыз Республикасы ТЖМ вице-министрі Урматбек Шамырқанов алып жүреді.

15 фура гуманитарлық көмек Жамбыл облысына келіп жетті.

Азық-түлік, киім-кешек, төсек-орын жабдықтары, жылытқыштар және т.б. түріндегі гуманитарлық жүк Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарының тұрғындарына жіберілетін болады.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: