Қырғызстан президентінің інісі қамауға алынды

17 Шілде, 16:40 1106

Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың немері інісі Ұлан Жапаров қайта ұсталды. Бұл жолы ол ірі көлемде алаяқтық жасады деп айыпталуда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Kаktus.media мәліметінше, президенттің інісі облыстардың бірінде Қырғызстан президентінің өкілетті уәкілі лауазымына орналастырамын деп уәде берген және ол үшін 100 мың доллардан астам сыйақы алған, бірақ уәде сол күйі орындалмаған.

Көп ұзамай оны Қырғызстанның Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері қолға түсірді.

Ұлан Жапаровқа қатысты 2024 жылғы 19 тамызға дейін қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Ол «аса ірі көлемде алаяқтық» бабы бойынша айыпталуда.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: