Қырғызстан президенті демалушылар тастап кеткен қоқысты жинады

22 Тамыз, 11:44 424

Әлеуметтік желіде Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың қоқыс жинап жүрген видеосы тарады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Садыр Жапаров өзінің Instagram-дағы парақшасында алдымен табиғаттың сұлулығына тамсанған, сонан соң қоқысқа арналған пакет алып, демалушылар қалдырған қоқысты жинап жатқан видеосын жариялады.

Табиғатты сақтайық, бір-бірімізді бақылап, тәрбиелеп, үлгі болайық. Ешкім шетелден келіп біз үшін қоқысты жинап бермейді. Бүр күнмен өмір сүрмейік. Егер сіз біреудің қоқысты тастап кеткенін көрсеңіз, өтініш, оны да жинай салыңыз. Одан қолыңызға ауру жұқпайды, - деді ол.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Садыр Жапаров (@sadyr_japarov)

 

Мадина Асылбекова
Бөлісу: