Қырғызстан мемлекеттік туын не үшін өзгертпек

9 Желтоқсан 2023, 16:46 1922

Қырғызстан мемлекеттік туын өзгерту туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Туда қандай өзгерістер болатынын мамандар түсіндірді.

Авторлардың сөзіне қарағанда, өзгеріс айтарлықтай болмайды, дегенмен ол керек.

Депутаттар Қырғызстан туындағы күннің пішінін өзгерту керек деп санайды, себебі оны күнбағыспен шатастыратындар көп екен.

Толқын пішінді сәулелер тік болғаны дұрыс деп отыр. Одан қалды шаңырақтағы таяқшалар саны үшеуден төртке көбейеді.

Өйткені үшеу кедейліктің, ал төртеу байлықтың белгісі болған.

Ел президенті Садыр Жапаров жаңарған тумен Қырғызстан жаңа даму кезеңіне қадам басады деп отыр.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: