Қырғыз елінде жыл басынан бері 14 сәби тастанды атанды

9 Желтоқсан 2023, 08:27 1664

Жыл басынан бері Қырғызстанда 14 тастанды бала тіркелген. Бұл туралы елдің Еңбек, әлеуметтік қамсыздандыру және көші-қон министрінің орынбасары Жаңыл Алыбаева мәлім етті, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі Kazinform-ге  сілтеме жасап.

Қырғызстандық журналистер қараша айында қырғыз халқын дүр сілкіндірген үш оқиғаны еске алды. Үшеуінде де нәрестені көшеге тастап кеткен.

Оның екеуі Бішкекте болды. 8 қараша күні 23.30 шамасында «102» қызметіне Толстой және Элебаев көшелерінің қиылысындағы қоқыс жәшігінен полиэтилен пакетке оралған жаңа туған нәресте табылғаны туралы хабарлама келіп түскен.

Жалал-Абадтағы Спутник ықшамауданынан тағы бір жаңа туған нәресте табылды, оны да қоқыс жәшігінің жанына тастап кеткен.

Журналистер «Ведомство тастанды балалар бойынша статистика жүргізе ме?» деген сұрақ қойды.

Статистика тұрақты түрде жүргізіледі. Аумақтық департаменттердің мәліметі бойынша, биыл 14 тастанды бала тіркелген. Әр балаға, әр жағдайға жеке даму жоспары жасалады, - деді Жаңыл Алыбаева.

Берік Арманов
Бөлісу: