Қырғыз басшысы әлемдік футбол жұлдыздарымен бірге доп тебеді

20 Тамыз 2023, 06:28 972

Қырғыз президенті Садыр Жапаров 30 тамызда жасыл алаңға шығып, әлемдік мегажұлдыздармен бірге футбол ойнайды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Бауырлас елдің астанасына алда әлемдік жұлдызды ойыншылар ат шалдырады. Бұл жолы олар елдің президентімен бірге доп теуіп, жұртшылыққа ғажап ойын өрнегін көрсетуге ниет білдірген. 

Олардың қатарында Роналдиньо, Ривалдо, Карлес Пуйоль, Ривалдо, Эдгар Давидс, Хавьер Савиола, Рональд де Бур, Джовани да Силва, Хуан Антонио Гойкоэчеа, Хидетоши Наката, Андрей Канчельски секілді ойыншылар бар. Ал елдің басшысы аталған аңыздарға қарсы ойнап, өзінің қаншалықты футболшы екенін дәлелдемек.  

Перизат Саденова
Бөлісу: