Наурыз мерекесі қарсаңында ұлттық сусындар өндірісінің көрсеткішін қарап көрдік, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
2025 жылдың алғашқы екі айының қорытындысы бойынша, қымыз өндірісі 7,2% артты. Мәселен, 2025 жылдың қаңтар-ақпан айларында 178 тонна қымыз өндірілді, ал 2024 жылдың сәйкес кезеңінде бұл көрсеткіш 12 тоннаға аз болған.
Сонымен бірге шұбат өндірісі 2,8% төмендеді. 2025 жылдың алғашқы екі айында 184 тонна шұбат өндірілген, бұл 2024 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 5 тоннаға аз.
Айта кетейік, 2023 жылы қымыз өндірісі 1812 тоннаны құраса, 2024 жылдың 12 айында 1541 тонна өндірілді. Ал 2023 жылы шұбат өндірісі 1813 тоннаны, 2024 жылы 1865 тоннаны құрады.