Қылмыстық жолмен алынған заңсыз активке қатысты қандай жауапкершілік қарастырылған?

13 Қазан 2023, 13:39 1052
Әділет вице-министрі Алма Мұқанова құқық қорғау органдарында активтерді заңсыз иемденген тұлғаға қатысты қылмыс жасады деген дәлелдеме болса, оның ең басты жолы қылмыстық қудалау екенін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарттық агенттігі.
 
Активтерді қайтарудың үш жолы бар. Егер құқық қорғау органдарында қылмыс жасады деген дәлелдеме болса, оның ең басты таңдап алатын жолы – қылмыстық қудалау. Ал мерзімі өтіп кетіп немесе дәлелдеме жетпесе, онда тиісті азаматтық жолмен қайтарып алу қарастырылған, – деді ол.
 
Заңсыз шығарылған активтерді қайтару бойынша құрылған комиссия құрамында кімдер бары айтылмайды.
 
Заңда қарастырылған барлық лауазымды тұлғалар мен қоғам қайраткерлері көзделген. Бірақ комиссия құрамы бойынша құжат ол жабық. Неліктен? Өйткені, лауазымды тұлғалардың атына ертең сұрақтар қойып, жұмысына кедергі келтіруі мүмкін, – дейді Алма Мұқанова.
 
Сондай-ақ, вице-министр қылмыстық кодекске қабылданған заңдар аясында жаңа бап енгізілгенін тілге тиек етті.
 
Бұл бап заңсыз иемденген активті мемлекетке қайтару процесінде тығу немесе басқа түрмен заңдастыру әрекеттеріне байланысты қылмысқа тарту болып табылады. Бұған дейін ондай заң болмаған. Егер азамат өз еркімен қайтару механизімінде осындай әрекеттерге баратын болса, ертең құқық қорғау органдарында осы бап бойынша жауапкершілікке тарту көзделген, – дейді әділет вице-министрі Алма Мұқанова.
 
Амангүл Тілейқызы
Бөлісу: