«Қылмыстық іс қозғалды». ІІМ бельгиялық Жәнібекке қатысты пікір білдірді

27 Маусым, 15:54 2085

Ішкі істер министрінің орынбасары Марат Қожаев анасын Бельгиядан іздеп келген қазақ Жәнібек Савельевтің оқиғасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жәнібек Савельевті шетелдік әйелдің асырап алуына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Қай уақытта, қандай себеппен шетелге шыққаны анықталып жатыр. Әке-шешесі іздестіріліп жатыр. Нақты Жәнібектің оқиғасы сияқты істер бар деп айта алмаймын. Ондай істер жоқ, - дейді Марат Қожаев.

Айта кетейік, Жәнібек Савельев  2023 жылдың соңында Бельгиядан Қазақстанға  туған анасын іздеп келген болатын.

Ажар Лаубаева
Бөлісу: