«Қылмыс жасадым ба, білмеймін». Бишімбаевтың інісі сот отырысында мәлімдеме жасады

27 Наурыз, 18:05 1440

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Бишімбаевтың ісі қаралып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сот отырысында Бишімбаевтың туысы Бақытжан Байжанов қылмыс жасады ма, жоқ па білмейтінін жеткізді.

Айта кетейік, ағасына көмектескен Бақытжан Байжановқа Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша айтып тағылған:

Сот отырысында прокурор Байжановтан тағылған айыптармен қаншалықты келісетінін сұрады.

Мен видеоны өшіруді сұрағанымды, сондай-ақ Салтанаттың телефонын үйіне алып кетуді сұрағанымды мойындаймын, қылмыс жасадым ба, білмеймін. Мен ол кезде Салтанаттың өлім алдында жатқанын немесе өлгенін білмедім, түсінбедім, - деді ол сотта.

Бүгін алқабилер экс-министрге тағылған айыптарды, сондай-ақ, сотталушыларды тыңдап шықты. Келесі отырыс 29 наурызға белгіленіп отыр. Сол кезде жәбірленушілер мен куәгерлерден жауап алынады.
Миражан Махан
Бөлісу: