Құжатсыз қалған Өзбекстан азаматтары атыраулық полицейлерге алғыс білдірді

29 Маусым 2023, 06:15 867

Өзбекстан Республикасының 1988 ж.т. азаматы мен 1991 ж.т. азаматшасы 2018 жылы жұмыс бабымен Қазақстанға келген. Ерлі-зайыптылар белгілі бір себептермен өздерінің және 2015 ж.т., 2017 ж.т. балаларының құжаттарын жоғалтып алған. Бұл туралы ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Еліне қайта алмай, құжатсыз жүрген шетел азаматтарына қалалық полиция басқармасы көші-қон қызметі бөлімінің қызметкерлері көмектесіп, Өзбекстан Республикасының Елшілігіне еліне қайтару үшін берілетін куәлікті алып беруге ықпал етіп, тиісті заңды көмек көрсетті.

Шетелдіктер полицейлерге алғыс айтып, ризашылығын жеткізді.

Берік Арманов
Бөлісу: