Құтқарушылар өзбекстандық азаматты жанып жатқан қоймадан қалай құтқарды

25 Ақпан, 22:46 772

Құтқарушылар Өзбекстанның 26 жастағы азаматын жанып жатқан қоймадан қалай құтқарғанын көрсетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Кеше сағат 19.43-те Алатау ауданы Теректі ш/а Бестоғай көшесінде орналасқан қойма үй-жайларындағы өртті сөндіру кезінде 1998 ж.т. Өзбекстан азаматы (ТЖО қызметкері) құтқарылды.

Азаматтық қорғау сержанты 2-МӨСБ бөлімшесінің командирі Мухпул Ильяр уақтылы жүрек-өкпе реанимациясын өткізді.
Медициналық қызметтің тексеруінен кейін құтқарылған адам үйіне жіберілді.

Перизат Саденова
Бөлісу: