Құтқарушылар Алматының көпқабатты үйлерін аралауды жалғастырады

28 Ақпан, 07:39 775

ТЖ министрлігі қоғамда қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру бойынша белсенді жұмыстар жүргізу туралы тапсырмасына сәйкес Алматы қаласы ТЖД үгіт-насихат тобы көп қабатты үйлерді аралап, пәтер иелерімен қажетті сақтық шаралары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуді бастады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Сондай-ақ үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу үшін ҚР ТЖМ 28237 әскери бөлімінің 40 қызметкері жұмылдырылды. Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті төрағасының басшылығымен әскери бөлім қызметкерлеріне ҚР ТЖМ азаматтық қорғау саласындағы ұлттық ғылыми зерттеулер, даярлау және оқыту орталығының оқытушыларымен  нұсқаулық өткізіліп, олар үгіт-насихат топтарына бөлініп, тиісті шараларға кірісті. 

Бұл бастаманың мақсаты халықтың экстремалды жағдайларда іс-әрекетке дайындық деңгейін арттыру, сондай-ақ жер сілкінісі кезіндегі бірінші кезектегі іс-әрекеттер туралы ақпарат беру үшін азаматтарды барынша қамтуға бағытталған.

Перизат Саденова
Бөлісу: