Құрманғазы Есқазиев "ҚазМұнайГаз" компаниясына жаңа лауазымға тағайындалды

29 Мамыр, 01:31 938

Құрманғазы Есқазиев «ҚазМұнайГаз» басқарма төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Сонымен бірге ол ҚМГ-дың Ақтау қаласындағы өкілдігін басқарады. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ бүгін өткен директорлар кеңесінің шешіміне сәйкес Қ.Есқазиев ұлттық компанияның Басқарма мүшесі болып сайланды.

Қ.Есқазиев В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтының мұнай факультетін тау-кен инженері ‒ геолог мамандығы бойынша бітірген. Геология-минералогия ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесіне ие.

Еңбек жолын «Ембімұнай» өндірістік бірлестігінде оператор болып бастаған. 2006-2024 жылдары «Ембімұнайгаз» және «ҚазМұнайГаз «Барлау және Өндіру» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Ақтау қаласындағы өкілдігін, «Kalamkas-Khazar Operating» ЖШС әр түрлі лауазымдарды атқара отырып басқарды.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ әр жылдары мұнай және газ өндіру жөніндегі атқарушы директор, геология, геофизика және резервуарлар жөніндегі басқарушы директор, бас геолог, операциялық емес активтер жөніндегі басқарушы директор; барлау, өндіру және мұнай сервисі, геология және барлау жөніндегі Басқарма төрағасының орынбасары қызметтерін атқарды.

Қ.Есказиев Әл-Фараби атындағы ғылым және техника саласындағы мемлекеттік сыйлықтың лауреаты. «Құрмет» орденімен марапатталған.

Зарина Арман
Бөлісу: