Құрманай Бақтиярқызының сіңлісі әпкесінің соңғы аманатын айтты

Бүгiн, 14:03 462

Марқұм Құрманай Бақтиярқызының сіңлісі Қарлыға Бақтиярқызы «Koremis show» бағдарламасында ақынның соңғы аманаты туралы айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ақын аманатын айту үшін сіңлісін ауруханаға шақырған.

Өзі әлсіреп кеткен кезі еді. Бір тойға баруым керек еді, арнауымды кітапқа жазып берейін. Сен барып басқарып, өлеңімді оқып, халықтың көңілін қалдырмашы деп аманатын жеткізді. Дәл өзі айтқандай тойға барып, арнауын оқып, халықтың ықыласына бөленіп келдім. Өзін ауырып жатқанын айтып, халықтан бата да алып келдім. Соңғы көргенім осы болды. Құрманай жазылды деп жүргенде  айырылып қалдық. Соңғы отадан кейін жатырдағф сәбидей 9 ай 10 күн өмір сүріпті. Алла тағала бауырларымен қоштассыншы, бітпеген, діттеген істерін бітірсінші деп жіберген болар, - деді ол.

Еске салайық, қазан айында белгілі ақын, композитор Құрманай Бақтиярқызы 50 жасқа қараған шағында өмірден өткен еді.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: