Азаматтарды армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлерінің әскери институтына қабылдау осы жылдың 21 шілдесінен 8 тамызына дейін өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қорғаныс істері жөніндегі аудандық және қалалық басқармаларда алдын ала іріктеуден өткен кандидаттар оқу орнына келгеннен кейін әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес кәсіби-психологиялық іріктеуден, түпкілікті медициналық куәландырудан өтеді, дене шынықтыру даярлығы жөніндегі нормативтерді тапсырады. Конкурстық іріктеу 5 тамызда өткізіледі. Тамыздың 6-сы күні оқуға түскен курсанттардың тізімі оқу орнының сайтында орналастырылады.
Апелляцияға өтініштер түскен жағдайда олар 7 тамызда қаралады. Келесі күні әскери ЖОО бастығының курсанттарды қабылдау туралы бұйрығы шығарылады. Осы құжатпен оқуға қабылданған курсанттардың түпкілікті құрамы бекітіледі.
Биылдан бастап Қорғаныс министрлігі Әскери қызметтің беделін арттыруға бағытталған "Срочники 2.0" жобасын алғаш рет іске асырылып жатқанын атап өткен жөн. Осы жылдың көктемінде мерзімді әскери қызмет өткерген және запасқа шығарылған азаматтар ҰБТ-ны есепке алмай жоғары оқу орнына түсе алады. Грантқа үміткерлерге елдің үш әскери жоғары оқу орнының бірін таңдау құқығы беріледі. ҰБТ сияқты бөлінген соң QR коды бар сертификаттар автоматты түрде жасалады, - делінген Қорғаныс министрлігінің ақпаратында.
Деректер "Срочники 2.0" платформасында жинақталады. Олар бойынша жүйе автоматты түрде үміткерлердің рейтингін жасайды.