Құранды өртеу: Түркияның сыртқы істер министрі пікір білдірді

28 Маусым 2023, 23:08 1106

Түркия СІМ басшысы Хакан Фидан Швецияда Құранды өртеу әрекетін айыптады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мен Швецияда Құрбан айт мерекесінің бірінші күнінде біздің қасиетті кітабымыз Құранға қарсы жасалған бұл әрекетті айыптаймын, - деп жазды ол Twitter-де.

Стокгольм полициясы Құрбан айт мерекесінің алғашқы күні Швеция астанасындағы бас мешіттің алдында Құранды өртеуге рұқсат берген болатын.

37 жастағы Ирактан келген иммигрант Салван Момика қасиетті кітаптың парақтарын жартып алып, оларды өртеген.

Оқиға орнында Швеция мен халықаралық БАҚ өкілдері және 200-ге жуық көрермен болды. 

Ұйымдастырушыға тас лақтырмақ болған ер адамды полиция ұстап әкетті.

Естеріңізде болса, бұған дейін Швеция прокуратурасы қаңтар айында Түркия елшілігінің алдында Құранды өртеп жіберген «Қатаң курс» ультраоңшыл партиясының жетекшісі, дат радикалы Расмус Палуданы сырттай тұтқындаған болатын. 

Берік Арманов
Бөлісу: