Құранды өртеу: Еуроодақ өз ұстанымын жеткізді

5 Шілде 2023, 16:33 1252

Еуродипломатия басшысы Жозеп Боррель Иран СІМ басшысы Хосейн Амир-Абдоллахиянмен әңгімелесу кезінде Құранды өртеуге қатысты Еуроодақ ұстанымы қандай екенін жеткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Pars Today агенттігінің мәліметінше, бірлестіктің сырты саясат қызметінің басшысы қасиетті кітап пен дінді қорлауды айыптап, Еуроодақ мұндай әрекетке қарсы екенін айтты.

Ал Иранның СІМ басшысы Тегеран мен Еуропа елдерінің келіссөздері ашық өткенін алға тартты.

Естеріңізде болса, осыдан бірнеше күн бұрын Швецияда Ирак азаматы Құранды өртеген болатын. 

Оқи отырыңыз:

Бұған дейін Пәкістанның сұрауымен БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңесі Швеция мешіті алдында Құранның өртелуіне қатысты шұғыл жиын өтетіні айтылған. Ұйым діни өшпенділіктің өсуі жайлы бедаттар 6-9 шілде күндері өтуі мүмкін.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: