Швецияда еврейлер үшін қасиетті саналатын Тора мен христиандардың Інжіл кітаптары өртелетін болды. Жергілікті полиция іс-шараны өткізуге рұқсат берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Израиль билігі жоспарланған мұны дінге қарсы жасалған әрекет және алауыздықты тудыруға себеп деп санайды.
Оқи отырыңыз:
Израиль еврей халқы үшін қасиетті саналатын кітапты өртеу туралы шешімді бассыздық деп санайды, - деп жазды Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху.
Ал қасиетті кітаптарды өртеу туралы өтініш берген адам өзінің бұл әрекетін өткен айда Стокгольмдегі мешіт алдында Құранды өртегендерге жауап деп түсіндірді.