Іздеуде жүрген Арғын Нигматулиннің жұбайы Найле Бельбаева Алматының беделді Медеу ауданында орналасқан элиталық таунхаустың иесі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл мүлік бұрынғы “Алмалы Горная 103 Б” тұтынушылар кооперативінің аумағында орналасқан. Аталған кооперативтің құрылтайшыларының бірі – Найле Бельбаева. 2022 жылы кооператив қызметін тоқтатқанымен, деректер базасы оның бұл активке әлі де иелік ететінін көрсетеді. Бұл туралы "Выход к морю" Telegram арнасы хабарлады.
Элиталық кешен әйгілі “Медеу” мұз айдынына апаратын жолда, Керей-Жәнібек хандар көшесінде (бұрынғы Горная көшесі) орналасқан. Мұнда барлығы 12 таунхаус бар, ал кешеннің аумағы жабық және жеке күзетпен қамтылған.
Арғын Нигматулин мен оның әйелі 103/17, 2-корпуста тұрады. Олардың иелігінде 600 м² тұрғын үй, жеке автотұрақ, шатырдағы терраса және шағын бақ бар. Таунхаустың терезелері бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың резиденциясына қарайды. Қазіргі таңда бұл нысан мемлекет меншігіне өткен.
Алматының элиталық Медеу ауданындағы таунхаус кешені тек ықпалды әрі танымал тұлғаларға арналған. Бұл жерде кездейсоқ адамдар тұрмайды. Найле Бельбаеваның көршілерінің арасында да белгілі адамдар бар. Солардың бірі – Нұрлан Нигматулиннің ағасы Ерланның жары Бақыт Серікбаева.
Бастапқыда "Алмалы Горная 103 Б" кооперативінің құрылтайшылары қатарында мыналар болған:
Бұдан бөлек, бұл кешенде заңмен мәселелері болған тағы бір тұлға – Елдос Қоспаев тұрды. Ол Болат Назарбаевтың жақын серіктерінің бірі саналған. 2024 жылдың қаңтарында Қоспаев қылмыстық топ құрғаны үшін 15 жылға сотталды.