Құмар ойындар себеп: елімізде 2620 адам өз-өзіне қол жұмсаған

15 Қыркүйек 2023, 12:54 1698

Жыл басынан бері құмар ойындардың салдарынан 2620 адам өз-өзіне қол салған. Бұл туралы Бас прокуратураның 3-қызмет басқармасының бастығы Мақсат Орақбаев айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оның ішінде 2080 ер адам, 540 әйел және 139 кәмелетке толмаған бала бар.

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің деректеріне сәйкес, құмар ойындар негізінде және құмар ойындары себеп болған суицид фактілері статистикалық есепке алынбайды.

Бұл қылмысты тіркеу кезінде суицидтің себептері белгісіз болуына байланысты. Әдетте адам қайтыс болғаннан кейін оның өлімінің себептерін анықтау қиындық туындатады. Көп жағдайда суицид құрбанының туыстары оның өлімінің шынайы себептерін бөгде адамдардан жасырады. Осыған байланысты нақты статистиканы анықтау қиын, - деді Орақбаев.

Сарапшылардың бағалауы бойынша, әлемде ойынға тәуелділік себебінен суицидтің 15 есе артуы байқалады.

Миражан Махан
Бөлісу: