Құлыбаев пен Жақсыбековтің банктерін құтқара беруді қашан доғарамыз - депутат

3 Мамыр 2023, 12:10 7797

Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек Үкімет пен бас прокуратурадан олигархтар мен жоғары шенділердің банктерін құтқаруды қашан доғаратынын сұрады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Халыққа жайылымды жерлерді қайтарсақ, банктерді ауыздықтау керек. 30 жылда неше рет банктерді кұтқардық.Халықтың қазынасыдағы ақшаны Тимур Құлыбаевтың, Әділбек Жақсыбековтың және басқа да олигархтар мен жоғары шенділердің банктерін құтқаруды қашан доғарамыз, -деді депутат.

Ол банктерді емес, халықты аштық пен жұмыссыздықтан қорғау керек. Соның бірден бір жолы - банктерге кепілге қойылған ауыл шаруашылық жерлерді қайтаруымыз керек. Ол банктердің артында кім тұрғанын, кімнің иелігінде отырғанын және қандай жолмен ауыл шаруашылық жерлерді кепілге қойып жібергенін қоғам, халық білу қажет деп айтты.

Қазіргі таңда, Бас прокуратураның ақпараты бойынша екінші деңгейлі банктер мен каржы институттарының иелігінде кепілдік ретінде көлемі 2 миллион гектар 3,9 мың ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер жатыр. Оны банктер және каржы ұйымдары өздері пайдаланбайды және сол жерлерді мемлекеттік меншікке қайтаруға асықпайды. Осы банктерде кепілге қойылған, камауда жатқан 2 миллион гектар жердің ішінде үлестік ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер бар екендігін халық біле ме?, - деді Бақытжан Базарбек.

Ол заңсыз, жемқор әкімдердің кесірінен пайлары, яғни, шартты жер үлестерінен айырылған ауыл халқы табанын тоздырып, ақиқат іздеу жолында пайларын қайтару үшін соттасып әлек болып жүр. Соттар талап арыздың көпшілігін қараусыз қалдырады не болмаса талаптың ескіру мерзімін қолданып, үлескерлердің жерлерін банкке кепілге кою туралы келісім-шарттарын бұзу туралы талап арыздарын  қанағаттандырусыз қалдырады деп айтты.

Нақты қадам жасаудың уақыты келді. Нақты жер реформасын бастап, екінші деңгейлі банктер мен каржы институттарының иелігіндегі жерлерге қамқор болуымыз қажет. Бұл да халықтың жері екендігін ұмытпауымыз қажет. Сондықтан, Үкімет пен Бас Прокуратурамен бірлесе отырып біраз жұмыс атқару керектігін еске салды. Депутаттың ұсынысы мынандай:

Біріншіден, 2025 жылға дейін бүкіл елде жер амнистиясын жариялап – шартты жер үлесінен тұратын және банктерде кепілге қойылған жерлерді үлескерлерге қайтадан қайтаруды көздейтін мемлекеттік жобаны қабылдау керек.  Үлескерлерге еркін жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер мен өзге шаруашылық ұйымдардан шығудың заңи мүмкіндігін қарастыру керек.

 Екіншіден, коммерциялық банктердің иелігіндегі 2 миллион гектар көлеміндегі жерлерді мәжбүрлі түрде Жер кодексінің 92-94 бабына сәйкес мемлекеттік меншікке қайтаруды қамтамасыз етуіміз қажет.

Үшіншіден, азаматтардың шартты жер үлесінен тұратын жер пайдалану құқығын екінші денгейлі банктерде және қаржы ұйымдарында кепілге қоюға мораторий енгізу. 

Алмас Абылай
Бөлісу: