Қазіргі уақытта жоспарланған 100 үйдің ішінде 48 үйдің іргетасы құйылып, тас қалау жұмыстары басталып кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жоспарланған 100 үйдің ішінде, 48 үйдің іргетасы құйылып, тас қалау жұмыстары жүріп жатыр. Құрылыс материалдары жеткілікті. Қазіргі уақытта жергілікті үш мердігер мекеме белгіленді. Үйдің құрылысын қаржыландыру «Қазақстан халқына» қоры арқылы жүруде. Жиырма пайызы жергілікті бюджет есебінен атқарылуда. Қыркүйек айында үйлерді толық тапсыру көзделіп отыр, деді Атырау облыстық Құрылыс басқармасының бөлім басшысы Дархан Тілепберген.
Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстарына 100 құрылысшы маман, 50 техника жұмылдырылып отыр.