Құлсарыда су тасқынынан зардап шеккенднр үшін жаңа ықшам аудан бой көтерді

20 Тамыз, 04:33 500

Атырау облысының Жылыой ауданы Құлсары қаласында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындар үшін жаңа ықшам аудан бой көтерді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Құрылыс және өнеркәсіп министрлігі «Болашақ» деп аталатын жаңа ауданға кезең-кезеңімен 100 отбасы қоныстанатынын алға тартты. Тұрғын үйлерді қайта қалпына келтіру шаралары аясында қалада тамыз айының соңына дейін 80 үй пайдалануға берілмек. Мұнда құрылыс жұмыстары қарқын алған. Құрылыс алаңында жергілікті 8 мердігер мекеме және 414 жұмысшы жұмылдырылды.

Осы айдың соңына дейін 80 үй пайдалануға берілсе, қалған 20 үй қыркүйек айында аяқталады деп жоспарлануда, - делінген хабарламада.

Әр үйдің көлемі 100 шаршы метр, 5 бөлмеден тұрады. Қазіргі уақытта 84 үйдің қабырға қалау жұмыстары бітті. 57 үйдің төбе жабындысын жабу жұмыстары жүріп жатыр. 35 үйдің сылақ жұмыстары басталып, 43 үйге терезе орнатылды. Сонымен қатар жаңа үйлерген электр, су, кәріз желісі тартылды.

Министрліктің Ахуалдық орталығының мәліметінше, Атырау облысында барлығы 2 674 объектіге техникалық тексеру жүргізілді, оның нәтижелері бойынша:

- 100 үй салу – 100 басталды;

- 1 376 үй сатып алу – 1 372 сатып алынды;

- 1 198 үйге жөндеу жұмыстарын жүргізу – 1 191 аяқталды.

Перизат Саденова
Бөлісу: