Құлсарыда су деңгейі төмендеп келеді

7 Сәуір, 03:09 1050

Атырау облысы Құлсары қаласында тасқын су көлемі азайып келеді. Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндеті атқарушы Руслан Шариев Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Құлсары қаласынан бүгінгі күні үш бағытта: Атырау қаласына, «ТШО» ЖШС, Маңғыстау облысындағы «Теңіз» вахталық қалашығына теміржол, автомобиль көлігі, автобустарды тарта отырып, эвакуация жүргізілді.

Бүгінгі таңда барлығы 26 109 адам эвакуацияланды, оның ішінде 5 834 бала бар. Құлсары қаласында 14 уақытша орналастыру пункті ашылды, онда дәрігерлер, психологтар барлық қажетті көмекті көрсетеді, - деді Руслан Шариев.

Спикердің мәліметінше, қазіргі уақытта қалада судың төмендеуі байқалады. 

Зарина Арман
Бөлісу: