Құлсарыда полицейлер бесінші қабаттың балконында қалған балаларды құтқарды

1 Қараша, 21:19 473

Түнде аумақты патрульдеу барысында учаскелік полиция инспекторлары жоғары қабаттан жылаған балалардың дауысын естіген. Анықтау барысында балалардың бесінші қабаттағы балконда жалғыз қалғандары белгілі болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Полицейлер көпқабатты үйдің сыртқы жабынын жөндеуге арналған баспалдақтар арқылы пәтерге өткен. Өзге әріптестері жанама баспалдақтың құлап кетпеуі үшін ұстап тұрған.

Полиция капитаны Дархан Ажигулов 4 және 6 жастағы бүлдіршіндер қауіпсіз жерге шығарды. Балалардың ата-аналарымен профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Перизат Саденова
Бөлісу: