Құлсарыда ер адамның мәйіті табылды

14 Сәуір, 12:39 852

Атырау облыстық ТЖД мамандарының іздестіру жұмыстары нәтижесінде бүгін 14 сәуірде таңғы сағат 9 шамасында ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Еске салсақ, 6 сәуірде Жылыой ауданы Құлсары қаласында 1976 жылы дүниеге келген ер адам 2000 жылы туған баласымен рұқсат ету құжатынсыз су басқан тұрғын үйді қарау үшін барып, кейін эвакуациялық пунктке кері оралмаған болатын. Сол уақыттан бастап құтқарушылар іздестіру жұмыстарын жүргізуде. Іздестіру жұмыстарына 40 қызметкер, 6 жүзу құралы, 1 техника жұмылдырылды. 

Облыстық ТЖД іздестіру жұмыстары жалғасып жатқанын айтты. 

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: