Құлсарыда 100-ден астам жеке тұрғын үй су астында қалып отыр

5 Мамыр, 09:33 766

Атырау облысының Құлсары қаласында 100-ден астам жеке тұрғын үй мен 10 бизнес нысаны су астында қалып отыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Айта кетейік, өткен аптада құтқарушылар 2815 үйден су бұрып, сору жұмыстарын жүргізген болатын.

ТЖМ мәліметінше, өңірдің эвакуациялық пункттерінде 769 адам бар, олардың 430-ы балалар.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың 7 сәуірінен бастап облыста жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы ТЖ режимі сақталуда. Жайық өзеніндегі су деңгейі артуда. Төмендеу байқалмайды.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: