Құдайға деген сенімді қорлады. Джоэл Адлер «ХАМАС» ұйымын айыптады

11 Қазан 2023, 14:56 2149

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінде Израильдің бас Ашкенази раввинінің өкілі Джоэл Адлер «ХАМАС» лаңкестері әлеуметтік желілерге айуандық бейнелерді мақтанышпен жүктеп, көпшілікке көрсеткені бұл Ислам дінін қорлау екенін айтты, деп хабрлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Ол өз сөзінде Израильде мыңдаған адамның қаза болғанын, террористік әрекеттен көптеген адам жақындарынан айырылғанын көзіне жас алып, қайғыра тілге тиек етті.

Аталған ұйым Исламды қорлап, Құдайға деген сенімді қорлады. Ешбір дін мұндай қатыгездікті қолдамайды. Бұл барлық діни жетекшілердің намысына тиді деп ойлаймын. «ХАМАС» лаңкестері әлеуметтік желілерге айуандық бейнелерді мақтанышпен жүктеп, көпшілікке көрсетті. Олар кепілге қарттарды, балаларды алады. Ол адамдар өздерінің еврей ұлтының өкілі болғандықтан осындай озбырлыққа тап болды. Барлығымызды Құдай жаратты. Иә, бұл жерде саясат туралы емес, бұл жерде адамзаттің адамгершілік, төзімділік құндылықтары негізде жатыр. Біз бұл озбырлыққа үнсіз қарасақ, оларды қолдағанымызбен тең. Бейбіт тұрғындардың өлі денелері, адамдарды көлікпен алып қашуы мұның бәрі алаңдатып отыр, – деді Джоэл Адлер. 


Сондай-ақ, ол мұндай жантүршігерлікке төзімділікпен қарамау керек екенін айтты. Құдайдың атынан қатыгездік танытпау қажет екенін атап өтті. 


Бір-бірімізге меймірімділік көрсетейік. Осы сөзімді қолдауларыңызды сұраймын және хатшылық съезде озбырлықтарды айыптауды сұраймын, - бас Ашкенази раввинінің өкілі.

Амангүл Тілейқызы
Бөлісу: