Құбырдың жарылғаны туралы хабарды тексеру үшін арнайы келдім - Тоқаев

21 Қаңтар 2023, 15:35 1179

Бұл туралы Ақорда мәлім етті

Мемлекет басшысы қала тұрғындарымен кездесу барысында азаматтардың өміріне қауіп төндіруге болмайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

Қостанай облысы мен қала әкімдіктері Рудныйдағы жағдайды жедел қалпына келтіруге тиіс.

 – Құбырдың жарылғаны туралы хабарды тексеру үшін арнайы келдім. Жаңа ғана Үкіметке, облыс пен қала әкімдеріне осы  мәселемен айналысуды тапсырдым, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы Үкіметке Рудныйдың әлеуметтік-экономикалық даму мәселелеріне ерекше назар аударуды тапсырғанын атап өтті.

EL.KZ
Бөлісу: