"Қуанышымның соңы уайымға ұласты". Сәкен Бибосынов пәтер айналасындағы шу туралы айтты

5 Қаңтар, 14:00 2671

Токио Олимпиадасының жүлдегері Сәкен Бибосыновқа берілген пәтер жайында шу шыққан еді. Баспана боксшыға жеке атына емес, тек жалдау құқығымен беріліпті, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі,  «Бірінші бол» сайтына сілтеме жасап.

Сол баспананы спортшы 2021 жылдан бері өз атына рәсімдей алмай жүр.

Токио олимпиадасында Түркістан облысы бойынша мен жалғыз жүлдегер атанған спортшы болдым. Ал облыс жұрты мені қуана қарсы алып, әкімдіктегілер сол кезде уәдені берді. Көп күттірмей баспана да берді. Әрине, үйлі болғанға бәрі қуанады. Алайда менің қуанымның соңы уайымға ұласты. Себебі рәсімдеу заң бойынша мүмкін емес. Тіпті Түркістан облысынан Олимпиада жүлдегеріне мәрттік танытатын еш кәсіпкер болмағаны да өкінішті. Әрине, менде үміт жоқ емес, бірақ жай ғана жарыстан орын алып келген спортшыға үй беріп жатқанда, менің жағдайым облыс үшін өте ұят нәрсе деп ойлаймын, - дейді Сәкен Бибосынов.

Боксшы бұл жағдайды айта-айта жергілікті билікке әбден көңілі қалған. Себебі әкімдік маңындағылар танымал спортшыны тек «қатырамыз» деген сөзбен жылы шығарып салады екен.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: