Қуандық Бишімбаевтың апелляциялық шағымын қарау қанша уақытқа созылады

14 Маусым, 13:16 485

Жоғары соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Назгүл Рахметтулина экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты апелляциялық шағым қанша уақытқа созылатыны жөнінде айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Назгүл Рахметтулина апелляциялық шағымды қарау мерзімін ұзартуға болатын себептерді де түсіндіре кетті.

Жалпы апелляциялық органның қарауға уақыты болмаған немесе белгілі бір күндері адвокаттар қатыса алмайтын жағдайда, ол бір айлық мерзімге ұзартылуы мүмкін, – деді Назгүл Рахметуллина.

Мәжіліс кулуарында БАҚ өкілдері ведомства басшысынан «қысымға ұшыраған судья Айжан Құлбаеваға қатысты қауіпсіздік шаралары қазір алынып тасталды ма?» деп сұрады.

Бүгінде бұл мәселе бойынша нақты ақпарат жоқ,- деді Рахметуллина.

Айта кетейік, бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ісі 11 маусымда апелляциялық сотқа жіберілген болатын.

Миражан Махан
Бөлісу: