Қуандық Бишімбаевтың әкесі БАҚ өкілдерінің үстінен шағым түсірген

25 Желтоқсан 2023, 13:06 20379

Өз әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деген айып тағылған бұрынғы министр Қуандық Бишімбаевтың әкесі БАҚ өкілдерінің үстінен полицияға шағымданды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Уәлихан Бишімбаев Youtube-арнасының авторы Вадим Борейконың және тағы бірнеше тілші мен блогердің үстінен ішкі істер министрі Ержан Саденовтің шағым түсірген.

У. Бишімбаев Борейконың Қуандық Бишімбаевты жауапкершіліктен жалтартуы әбден мүмкін деген болжамын «ұлына және отбасына, сонымен қатар сарапшы-психиатрлардың атына кір келтірді» деп есептейді.

Учаскелік полицияға берген түсіндірмесінде тілші бұл айтылғанның бәрі оның жеке пікірі екенін алға тартқан.

Егер сот Бишімбаевты психикалық ауытқушылығы бар деп таппаса, өз арнамның эфирінде болжамымның қате болғанын мойындаймын, - деп жазды Борейко.

Тілшінің сөзінше, Уәлихан Бишімбаев өз арызында «блогерлер мен БАҚ өкілдерінің істі тергеуге ықпалының кесірінен ұлыма кісі өлтірді деген айып тағылып отыр» деп те жазған.

Бұл сөздер Бишімбаевтардың өз кінәсін мойындағысы келмейтінін және Қуандық Бишімбаевтың жазадан жалтаруы үшін қолдан келгеннің бәрін жасайтынын аңғартады, - дейді Борейко.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: