Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжанов сот залына жеткізілмеді

29 Сәуір, 10:31 1018

Астана сотында айыпталушы Қуандық Бишімбаев пен оның туысы Бақытжан Байжановқа қатысты іс бойынша тараптардың жарыссөзі кейінге шегерілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жоспар бойынша жарыссөз сағат 10:00-де басталуы тиіс болған. Алайда, сотталушы Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановтың сот залына уақытылы жеткізілмегені белгілі болды.

Сотталушылар Қуандық Бишімбаев пен оның туысы Бақытжан Байжанов конвой қызметінде мәселе туындауына байланысты сотқа жеткізілмеді, - деп түсіндірді судья Айжан Құлбаева.

Осылайша, қорғаушы тарап пен жәбірленуші тарап айыпталушылар болмағандықтан жарыссөзді кейінге шегеруді талап етті.

Жарыссөз сағат 14:30-ға шегерілді.

Айта кетейік, әйелін қатыгездікпен өлтірді деп айып тағылған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ата-анасы Уәлихан Бишімбаев пен Альмира Бишімбаева ресейлік блогер Наталья Грэйске сұхбат берді.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: