Қуандық Бишімбаев ісі: судьяны компьютер таңдаған

21 Тамыз, 11:24 852

Астана қаласында өтіп, көпшіліктің ерекше назарын аудартқан экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісінде Айжан Көлбаева судья болды. Жоғарғы сот төрағасының судьясы Елена Максюта тілшілермен кездесуде бұл процеске судьяны компьютер таңдағанын алға тартты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Біздегі механизм бойынша, адамдардың араласуынсыз бәрін компьютер таңдайды. Бұл жерде судьяның жүктемесі есепке алынады, сөйтіп автоматты түрде таңдалады, - деді ол.

Ал судья Айжан Көлбаеваның айтуынша, процеске қызығушылықтың дәл осындай болады деп ойламаған.

Дәл бұлай болады деп ойлаған жоқпын. Әдеттегідей процесс болатын шығар дегенмін. Бұл мен қараған ең қиын іс деп айта алмаймын. Әлеуметтік желіде маған қатысты пікір жазыла бастағанда таңғалдым, - деді Айжан Көлбаева.

Айта кетейік, бұрынғы министр Қуандық Бишімбаев әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деген айыппен 24 жылға сотталған

Мадина Асылбекова
Бөлісу: