Қуандық Бишімбаев екі айға қамауға алынды

12 Қараша 2023, 10:54 835
Бірнеше күн бұрын әйелін өлтірді деген күдікке ілінген бұрынғы экономика министрі Қуандық Бишімбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.  
11 қарашада Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Қ. Бишімбаевты 2 ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Өзге мәліметтер ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жарияланбайды, - деп жазылған соттың ақпаратында. 
Экс-министр 9 қараша күні Астанадағы мейрамханалардың бірінде әйелін ұрып өлтіргені туралы ақпарат тараған еді. Кейін жедел жәрдем келген оның әйелі оқиға орнында қайтыс болғаны белгілі болды.  
Асқар Таудай
Бөлісу: