ҚТЖ-ның алпысқа жуық қызметкері жауапқа тартылды

3 Қараша 2022, 13:11 2088

Бұл туралы Бас прокурор Берік Асылов мәлім етті

Қазақстан темір жолы компаниясының 59 лауазымды тұлғасы əкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Мәжіліс депутаттарының сауалына ҚР Бас прокуроры Берік Асыловтың жауабында айтылған, деп хабарлайды El.kz

"Осы жылы Көлік комитетінің аумақтық бөлімшелері магистральдық теміржол желісінің 8 объектісін тексерді. Нəтижелері бойынша əртүрлі бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді. Ішкі істер министрлігі Индустрия жəне инфрақұрылымдық даму министрлігімен жəне Қазақстан темір жолымен бірлесіп, теміржол төсемінің бойында қоршау құрылғыларының болуына 1 022 тексеру жүргізді. Оның қорытындысы бойынша ҚТЖ-ға 832 ұсыныс енгізілді. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 479-бабы бойынша ҚТЖ-ның 59 лауазымды тұлғасы əкімшілік жауапкершілікке тартылды", - деді Берік Асылов.

EL.KZ
Бөлісу: