ҚТЖ биыл тағы 50 жолаушылар вагонын сатып алады

21 Шілде 2023, 11:49 791

Қазақстан темір жолы«бірінші жартыжылдықты қорытындылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Биылғы 6 айда тарифтік жүк айналымы 130,4 млрд т-км нетто болды, бұл өткен жылғы деңгейден 8,6%-ке жоғары. Транзиттік жүк айналымы 39,1%-ке өсіп, 27,8 млрд тонна-километр неттоға жетті. Контейнерлік транзит 26%-ке өсті. Қазақстаннан Қытайға экспорт жүгін тасымалдауда өсім болды. Көлемі 5,7 млн тоннадан асты. Бұл өткен жылғы деңгейден 27%-ке артық.

Оқи отырыңыз:

Жолаушылар айналымы 5,7 млрд жолаушы-км құраса, бұл 2022 жылғыдан 1,2% жоғары. Есепті кезеңде шамамен 600 км темір жол жөнделді, бұл өткен жылғы кезеңнен 100 км артық.

2023 жылы 1 126 км магистральда жөндеу жұмысының барлық түрі жоспарланған. Достық – Мойынты учаскесінде екінші жолдың құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Жылжымалы құрам паркі жаңарды. 36 локомотив, 48 фитингтік платформа және 14 жолаушылар вагоны сатып алынды. Жыл соңына дейін тағы 139 локомотив, 620 жүк және 50 жолаушылар вагоны жеткізіледі.

Компанияда қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету және еңбекті қорғау мәселесіне ерекше назар аударылады. Қозғалыс қауіпсіздігін бұзғаны үшін тиісті тәртіптік жаза қолданылып, жауапты басшылар лауазымынан босатылды. Өндірістік қауіпсіздіктің нашарлауы алаңдаушылық тудырып отыр.

Равиль Ашығали
Бөлісу: