ҚТЖ басшысы қанша айлық алатынын айтты

15 Ақпан, 15:44 1225

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы басқармасының төрағасы Нұрлан Сауранбаев қанша жалақы алатынын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жалақым – 1 миллион теңге. Бонустарға келсек, ол балдық жүйемен есептеледі, тиісінше әркімдікі әрқалай, өкінішке қарай, оны айта алмаймын, - деді Сауранбаев Сенатта.

Ол ҚТЖ басқарма мүшелері сыйақы алмайтынын, себебі бонустар жыл соңында төленетінін алға тартты.

Әзірге ол сандарды атай алмаймын, бірақ біз оны жариялаймыз, - деді ұлттық компанияның басқарма төрағасы.

Нұрлан Сауранбаев ҚТЖ ұлттық компаниясының басқарма төрағасы болып 2021 жылғы сәуірде тағайындалды. 2022 жылы ол компанияның жалақы қоры 331 миллиард теңге екенін мәлімдеді.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: