ҚТЖ Әлия Назарбаеваға тиесілі компаниямен келісімді бұзды ма?

21 Қараша 2023, 14:02 851

Үкімет үйіндегі баспасөз мәслихатында «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаев Әлия Назарбаеваның компаниясына қатысты мән-жайды айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚТЖ басшысына «Әлия Назарбаеваға тиесілі «Инстант Пейментс» компаниясымен қарым-қатынасты үздіңіздер ме?» деген сұрақ қойылды.

Біріншіден, бұл проблеманың ұзаққа созылғанын білесіздер. Осы мәселе туындаған кезде жоғарыда аталған акционер (Ә. Назарбаева – ред.) бірден акционерлер құрамынан шықты. Яғни, ол жоқ. Бірақ, министр Бағдат Мусин осында қасымда отыр, ол қазір-ақ компаниямен келісімшартты бұзуға болатынын біледі. Бірақ одан кейін біз онлайн сатып алу қызметін ұсына алмай қаламыз. Демек компанияны осылай бірден жұлып алып тастау мүмкін емес. Бірақ қазіргі уақытта құзыретті беру актісі жүріп жатыр – ашық конкурс өтті, белгілі бір компания жеңіп алды және қазір "Инстант Пэймент" ЖШС-ден осы қызметті конкурста жеңіске жеткен жаңа компанияға тапсыру жүріп жатыр. Бұл процесс 1 желтоқсанда аяқталады, - деп жауап берді Нұрлан Сауранбаев.

Сондай-ақ ҚТЖ басшысы теміржолшылардың айлығына қатысты мәлімдеме жасады.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: