ҚР СІМ қазақстандықтарды Бангладешке барудан бас тартуға шақырды

7 Тамыз, 12:52 434

Бангладеш Халық Республикасындағы қалыптасқан жағдайға байланысты Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі ҚР азаматтарына аталған елге ахуал тұрақтанғанға дейін барудан уақытша бас тартуға шақырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазіргі уақытта Бангладеште жүрген Қазақстан азаматтарынан аса қажеттілік болмаса тұрып жатқан жерлерінен шықпауды, қауіпсіздік шараларын барынша күшейтуді, сақтық пен қырағылық танытуды және биліктің ұсынымдарын орындауды, сондай-ақ Қазақстан Сыртқы істер министрлігі мен Бангладеш Халық Республикасындағы қызметін қоса атқарушы Үндістан Республикасындағы Елшілігімен тұрақты байланыста болуды сұрайды.

Бангладеште билік мемлекеттік жұмыс орындарына квоталардың көпшілігін жойғаннан кейін жаппай шерулер басталды.

Соңғы үш күнде қақтығыстардан 300-ден адам мерт болған.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: