Іс жүзінде бұл ролик түсірілген Канадада да, Қазақстанда да вакцинация паспорттарындағы QR-кодтарда адам туралы ешқандай егжей-тегжейлі ақпарат жоқ. Канада үкіметінің сайтындағы мәліметтерге сәйкес, QR-кодта адамның аты-жөні, туған жылы және вакцинация мәртебесі ғана жазылған. Басқа ешқандай ақпарат жоқ, – деп жазды ақпарат көзі.
Қазақстанда вакцинация паспортындағы QR-код құжаттың түпнұсқалығын растау үшін қажет. Тексеруші оған камераны апарған кезде паспорт иесінің вакцина салдырғаны туралы деректер жазылған парақшаға өтеді. Бұл ретте, жеке ақпарат * * * символдарымен жасырылған.
Видео авторы көрсеткен мәліметтер ұсынылған кесте QR-кодта сақталған ақпарат емес.
Демек, таратылған ролик – фейк.